«Жастардың терең білімі – жарқын болашақтың кепілі» атты кездесу ұйымдастырылды.
Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Сол себепті қазіргі таңда мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру мәселесіне аса назар аударғанымыз жөн. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі, кешенді мәселе. Заман талабына сәйкес кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес көптеген мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Қазіргі таңда кәсіби бағдар беру мәселесі бірінші кезекте тұр, сондықтан білім саласының қызметкерлері – кәсіби бағдар берушілер, оқытушылар арнайы кәсіби бағдар беру терминдерін білулері қажет.
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды.
Қазақстанда кәсіптік білім беретін оқу орындары бар. Кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамту бөлімінің жұмысын жандандыру үшін ағымдағы оқу жылында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруге және жұмысқа орналастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Оқытушылар мамандықтар туралы салмақты әңгіме өрбітіп, тәжірибе және әлеуметтік серіктестер туралы айтты. Кәсіби бағдар беру жұмысын екпінді жүргізу үшін оның ақпараттылығын қамтамасыз ету керек. Мектеп оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беру мақсатында жиналыстар өткізіледі.2020-2024 оқу жылдарына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша барлығы 400 орын грант берілді.Қазіргі күні қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да заман талабына сай мамандықты игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап.
Осыған орай, бірқатар жұмыстар жүргізілді үнемі кездесулер ұйымдастырылады.Ағымдағы жылдың сәуір айында мамандармен «Жастардың терең білімі – жарқын болашақтың кепілі» атты кездесу болды. Қорыта айтқанда, жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген ұстанымды әрбір мектеп түлектері жадынан шығармауы тиіс деп ойлаймын.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман еліміздің дамуына үлес қосатынын ұмытпаған абзал.